Лагерь аумағы мен инфрақұрылымы
Лагерь аумағы мен инфрақұрылымы
Жалпы жер көлемі -15гектар. . Жатақханалар 2 қабаттық типтік жобадағы 4 корпустан тұрады. Әр корпуста 80 адамға арналған жатын орын, екі демалыс бөлмесі, тәрбиешілер бөлмесі, душ,ваннасы бар. Лагерде оқушылар сарайы жұмыс жасайды. Мұнда көрме залы, кітапхана, тәрбиешілер бөлмесі, оқу залыбар.

Жатын бөлмелер
Лагерьде балаларға арналған жайлы жатын бөлмелер бар. Әр бөлме таза төсек-орынмен жабдықталған. Балалардың жаз мезгілінде демалуы үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдай жасалған.

Асхана
Лагердің асханасы типтік жоба бойынша 160орындық , 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.

Спорт және белсенді демалыс
Лагерьде балалар үшін әртүрлі спорттық жабдықтар орнатылғанойын алаңы. Жасанды жасыл шөппен қапталған футбол,волейболалаңы,іс-шара өтетін алаңы, жаздық клуб бассейн, 2 орыс моншасы бар, Балалар жаздың ыстық күндерінде футбол ойнауға, спорт алаңдарында жаттығу жасауға мүмкіндік алады.

Медициналық қызмет
Медпункт балаларға сапалы қызмет жасап тұр. Онда изолятор болмесі, процедуралық кабинетке кажетті құрал-жабдықтармен, тіс емдеу бөлмесі және медбікелер толық қамтамасыз етілген. Балалар дәрігерлермен толық қамтамасыз етіліп, тіс дәрігерлермен толық қамтамасыз етілген.